RU
Қайта сайланған Путин алғашқы сапарын Түркиядан бастады
Жаңалықтар Әлемде

Қайта сайланған Путин алғашқы сапарын Түркиядан бастады

Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин Анкараға келді. Қайта сайланғаннан кейін бірінші рет шетелге сапарлаған ол Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті деп хабарлайды Baq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайта сайланған Путин алғашқы сапарын Түркиядан бастады

Қайта сайланған Путин алғашқы сапарын Түркиядан бастады

Азаттықтың мәліметіне қарағанда, Путин мен Ердоған Аккую атом электр стансасы іргетасын қалуға арналған салтанатты шараға қатысады. Аккуюды салуға Ресей де көмектеседі.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық әріптестік, Түркияның Ресейден "жер-аспан" класты С-400 зымыран жүйесін сатып алу жайын және Сириядағы жағдай талқыланады деп жоспарланған.

4 сәуір күні Ердоған мен Путин Анкарада Иран президенті Хасан Роуханимен Сириядағы соғысқа қатысты үш жақты келіссөз өткізеді.

Ресей мен Түркияның қарым-қатынасы 2015 жылы түркиялық ұшақ Сирия шекарасына жақын маңда ресейлік әскери ұшақты атып түсіргеннен кейін ушығып кеткен еді. Кейін екі ел арасындағы қарым-қатынас қайта қалпына келе бастаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір