RU
Шымкентте белгілі бизнесменді қызымен қоса аяусыз өлтіріп кеткен
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте белгілі бизнесменді қызымен қоса аяусыз өлтіріп кеткен

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 70 жастағы кәсіпкер мен оның 45 жастағы қызы өлі күйінде Жұманов көшесіндегі өз үйлерінен табылған. Қылмыскерлер марқұмдардың денесіне бірнеше пышақ жарақатын келтірген деп хабарлайды TVK телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tvk-uko.kz

Фото: tvk-uko.kz

Қайғылы оқиға үшінші сәуір күні орын алған. Қайтыс болғандардың денесін ең алғаш болып азаматтың кіші қызы көріпті.

Белгілі болғандай, марқұмдар отбасылық кәсіппен айналысқан: олардың Момышұлы көшесінде темекі сататын дүкені болған екен.

Қазіргі таңда оларға не үшін қастандық жасалғаны анықталып жатыр.

Айта кету керек, үшінші сәуір күні кәсіпкерлерді өлтірді деген күдікпен бір азамат қамауға алынды. Ол екі адамды мерт қылғанын мойындап отыр.

Фото: tvk-uko.kz

Фото: tvk-uko.kz

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
5
0
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір