RU
Өз әйелі мен ұлын қағып өлтірген азамат оқиға орнынан қашып кеткен
Жаңалықтар Әлемде

Өз әйелі мен ұлын қағып өлтірген азамат оқиға орнынан қашып кеткен

Рассказать Вконтакте

Қытайда мас жүргізуші әйелі мен ұлын қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті деп жазады Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өз әйелі мен ұлын қағып өлтірген азамат оқиға орнынан қашып кеткен

Өз әйелі мен ұлын қағып өлтірген азамат оқиға орнынан қашып кеткен

Жантүршігерлік трагедия Шандунь провинциясының Цзыбо қаласында болды.

Әйел баласын ертіп, кешкі асқа туыстарының үйіне электр скутермен жолға шыққан. Осы уақытта оларды қарсы тараптан үйіне келе жатқан отағасы фургонмен қағып кетеді.

Жол апатына кінәлі бірден оқиға орнынан қашып кеткен. Бала сол жерде жан тапсырып, ал әйел ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Ер адам бірнеше сағаттан кейін ұсталды. Полицейлер оған әйелі мен ұлын қағып кеткенін хабарлаған. Жүргізуші ауыр қайғыны естігенде ұяттан айқайлап жіберген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
3
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel