Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова өзіне өкпелеп жүрген туған ағасына жауап қайтарды

Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық әнші Жазира Байырбекованың туған ағасы қарындасына өкпелеп жүргенін «Ел аузында» бағдарламасы арқылы жайып салған болатын. Әнші өзіне ренжіген ағасына жауап қайтарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Өзіне ренжіген ағасының сөзін Жазира Байырбекова естімеген болып шықты. Фото: NUR.KZ
Өзіне ренжіген ағасының сөзін Жазира Байырбекова естімеген болып шықты. Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл жайында әнші Instagram парақшасы арқылы хабарлады.

«Жазираны туған ағасы сазгер Ербол Байырбеков жамандады деп Instagram-нан, сайттардан жазбалар жазып, жекеге “жеңіл жолмен танылу үшін қарындасын жамандаған ..." деген сияқты ағамды даттаған түрлі xаттар келіп жатыр. Анамның денсаулығы үшін, қазақ жастарының тәрбиесі үшін маған мұндай пиар керек емес.

Ағамның мен туралы айтқанын көрмедім, естімедім. Кеше кездескенде де ештеңе айтпады. Ылғи жаңа әнін "орындасаңдар"деп жіберіп тұрады», - деп жазды әнші.

Өзіне ренжіген ағасының сөзін Жазира Байырбекова естімеген болып шықты. Фото: Скриншот
Өзіне ренжіген ағасының сөзін Жазира Байырбекова естімеген болып шықты. Фото: Скриншот: UGC

Айта кетейік, Ербол Байырбеков «Ел аузында» бағдарламасы арқылы қарындасының өзіне айтқан ауыр сөздерін ұмыта алмай жүргенін жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1724786-zazira-bajyrbekova-zine-kpelep-zrgen-tugan-agasyna-zauap-kajtardy/

pixel