Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тентек" ару жыныстық қатыныс кезінде жігітін өлтіріп алды

Опубликовано:

Ресейдің Хабаровск қаласында Ольга есімді бойжеткен сүйіктісін жыныстық қатынас кезінде өлтіріп алған. Бұл туралы Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ жазды.

"Тентек" ару жыныстық қатыныс кезінде жігітін өлтіріп алды
"Тентек" ару жыныстық қатыныс кезінде жігітін өлтіріп алды: UGC

Төсектің қызығына еліп, қыз бен жігіт сексуалды ойын ұйымдастырған. Сөйтіп, 26 жастағы Ольга сүйіктісінің мойнына жіп байлап, қатты тартып қалыпты.

Ауа жетпей қалған жігіт сол мезетте қайтыс болған.

Алғашқыда бойжеткен жігіттің өліп кеткенін білмепті, тек ұйықтап қалған шығар деп ойлаған. Алайда, жігіт не жуынуға тұрмаған, не қыздың сұрақтарына тіл қатпаған.

Сонда ғана Ольга ер азаматтың ес-түссіз жатқанын аңғарып, дереу жедел-жәрдем шақырыпты.

Оқиға орнына келген дәрігерлер жігіттің өлгенін ғана тіркесе, полиция бойжеткенді үйқамақта ұстау шешіміне келді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1724791-tentek-aru-zynystyk-katynys-kezinde-zigitin-ltirip-aldy/

pixel