RU
Қайрат Нұртастың әйелі он жыл бойы жасырынып жүргендегі басты қорқынышын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қайрат Нұртастың әйелі он жыл бойы жасырынып жүргендегі басты қорқынышын айтты

Рассказать Вконтакте

Он жыл бойы үйде отырып, өмірлік серігінің тілеуін тілеген Жұлдыз Әбдукәрімова бүгінде ел аузында. Ол БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, осы күнге дейін белгісіз болып келген жайттармен бөлісуде. NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында балаларының психологиясына әсер еткен қоғамдағы жабайылық туралы айтты.

Қайраттың әйелі он жыл бойы жасырынып жүргендегі басты қорқынышын айтты

Қайраттың әйелі он жыл бойы жасырынып жүргендегі басты қорқынышын айтты

Өткен айда қос бірдей концертін өткізіп, балаларымен бірге ел алдында шыққан жұлдызды жұп кеш алдында қатты қобалжығанын жасырмады.

"Астанада сағат 17:00-де болған кеш алдында мен өзімді қалай ұстау керектігін мүлдем білмедім. Қобалжып, уайымдағаным соншалық ешкіммен сөйлеспедім. Себебі, ұл-қыздарымыз мұндай үлкен концертке алғаш рет шығып отыр. Әрине, бұрын шағын мектептің немесе қалалық сахнаға шығып, өнер көрсетіп жүрді. Алайда, әкелерімен бірге үлкен сахнаға шығудың жауапкершілігі бір бөлек. Бірақ, балаларымыз үміттерімізді ақтап, абыройымызды асқақтатып берді", - дейді ол.

Сонымен бірге Жұлдыз балалары мектепке барғанда сыныптастары әкесі туралы айтып, олардың жеке өміріне араласа бергенін де жасырмады. Айтуынша, олар "әкең сені неге жасырады" деп балаларына маза бермеген.

"Балалардың алды 10 жасқа келді. Бала болғандықтан, әкелерінің өміріндегі мәселелерді түсіндіру оңай болмады. Әкелері туралы айтпауды, өзге адамдармен суретке түспеуді үйретіп жүрді. Әлі күнге дейін суретке түсуге аса құмар емес.

Ең қиыны, мектеп табалдырығын аттаған кездері болды. Біздің қоғамда жабайылық, тәрбиесіздік көп. Мектептегі сыныптастары: «Сені әкең неге жасырады? Әкең бұлай жасап қойыпты немесе әкең анадай-мынадай» деген сияқты алып-қашпа әңгімелерді айтып қалатын. Бұл бала психологиясы үшін ауыр соққы. Осындай соққылардан соң мен әр балама «әкелерің сендерді жақсы көреді. Қазір жұмысы көп болғандықтан, уақыты болмай жүр. Бірақ, сенің әкең – ең күшті әке» деп мақтап, алдап, күш беріп жүрдім. Осы концерт туралы естіген кезде төбелері көкке бір елі жетпей қалды", - дейді ол.

Қайраттың жұбайы күйеуімен бірге жағаласып сахнада жүру әйелдің басты мақсаты емес дегенді жеткізді.

"Мен – әйелмін. Өмірге келгендегі алғашқы мақсатым – жақсы жар, аяулы ана, дұрыс келін болу. Мен үшін өнер емес, отбасым қымбат. Сондықтан, «мен қашан сахнаға шығамын? Неге мен туралы айтпайсың?» деп дау шығарған емеспін. Бірақ, мамамыз бастапқыда «Қайратты бір аяққа тұрғызғасын сені де шығарамын» деп уәде етті. Одан кейін бұл тақырыпты мүлдем қозғаған емеспін. Тек балаларымның тәрбиесіне аса қатты мән бердім", - деп ағынан жарылды Жұлдыз.

Ал бір рет киноға түсіп, «Жылдың ең үздік актрисасы» атағын жеңіп алғаны ол үшін күтпеген жайт болыпты.

"Өзім күтпедім. Себебі, бір жылдың ішінде қаншама фильмдер түсірілді. Олардың арасында жылдар бойы тәжірбие жинап келген актриса мен актерлер көп. Десе де, менің жолым болып, бағым жанды. Қуаныштымын. Болашақта әрине, ұсыныстар болса қарастыруға болады. Тек гонорар емес, сценарий, кейіпкердің образы, режиссер бәрін талқылайтынымыз анық. Мен ғана емес, отбасыммен бірге ақылдасып шешім қабылдаймыз", - дейді ол.

"Ғаламторға көп уақыт бөлемін деп айта алмаймын. Алайда, пайдалы жазбалар қалдырғым келеді. Көпшілікке Қайрат пен Жұлдыздың таныстығы және ене мен келіннің қарым-қатынасы қызықты. Осы тақырыпта жазбалар жазуды, қызықты оқиғалармен бөлісуді жөн санаймын.

Әрине, теріс пікір қалдырушылар болады. Адам жақсы ойлап, жақсы жазса ғана өмірі жақсы жаққа өзгереді. Сондықтан, ондай жаман пікірлерге еш көңіл бөлмеймін. Қатты ашуыма тиетін қара ниеттілерді блокка қойып тастаймын. Бірақ, көп комментарий оқуға да уақытым бола бермейді. Мүмкіндігінше уақытымды тиімді пайдаланып, отбасыма, балаларыма арнағым келеді", - деді өз сұқбатында Жұлдыз.

Ескерту! Материал ҚР құқықтық заңнамасымен қорғалған. Материалды көшіріп басу, тарату және өзге мақсаттарда пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
3
2
2
1
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel