Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең қауіпті ойындар: Балаңыздың немен айналысып жүргенін білесіз бе? (видео, фото)

Опубликовано:

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp желісіне оқырман хат жолдап, ғаламтордағы қауіпті ойындар мен видеолар туралы баяндады. Ол барлық ата-аналарды абай болуға шықырып, баласының немен айналысып жүргенін бақылауды өтінді.

Оқырман жіберген фото
Оқырман жіберген фото: UGC

Редакцияға оқырман жіберген фотода кішкентайлардың өмірін құрбандыққа шалатын ойын түрі көрсетілген. Онда "үй жағдайында Винкс мультфильміндегі періге қалай айналуға болатыны" туралы жазылыпты.

"Үйде барлық адам ұйықтап жатқанда, ешкімге білдірместен асүйдегі газды қосып қой. Бірақ оны тұтандыруға болмайды. Содан кейін барып төсегіңе қайта жат. Газдан шыққан иіспен толықтай демалған кезде, сен періге айналасың", - деп баяндалған ойын ережесінде.

Бұдан бөлек, ғаламтор желісінде бір қарағанда ешқандай зияны жоқ болып көрінгенімен, өмірге аса қауіпті ойындар да жетерлік. Мәселен, соңғы уақытта жасөспірімдер арасында "ауызға зефир толтыру" ойыны да аса танымал болып үлгерген.

Бұл ойынды ойнаған балалар тыныс жолын зефирге толтырғаннан кейін ауа жетпей, тұншығып қалуы әбден мүмкін.

Сондықтан, әр нәрсенің байыбына бара бермейтін жасөспірімдерді осындай қауіп-қатерден сақтау - ата-ананың міндеті, - дейді оқырман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1724800-e-kauipti-ojyndar-balayzdy-nemen-ajnalysyp-zrgenin-bilesiz-be-video-foto/

pixel