RU
Жанкүйерлерге жүрегін ұстап, басын иген Роналдуға жұрт тәнті болды
Жаңалықтар Әлемде

Жанкүйерлерге жүрегін ұстап, басын иген Роналдуға жұрт тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реалдың" басты жұлдызы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының тарихындағы ең керемет голдардың бірін соқты. Оның шеберлігіне тіпті қарсылас команданың жанкүйерлері де тәнті болған деп хабарлайды sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: vk.com

Фото: vk.com

Туриндегі кездесу барысында Роналду аты аңызға айналған Джанлуиджи Буффонның қақпасына екі гол салды. Алайда, ең есте қалғаны – ойынның 64-ші минутындағы соғылған португалдық жұлдыздың екінші добы.

Роналдудың тәжірибесі мен шеберлігіне тіпті итальялық жанкүйерлер де тәнті болды. «Альянц Стадиумге» жиылған көпшілік орындарынан тұрып, әйгілі аяқдопшыға өз шапалақтарын жаудырды.

Қарсылас команда жанкүйерлерінің бұл кошаметіне Роналду жылы лебізімен өз алғысын білдірген.

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

Оған қоса, португалдық футболшы Чемпиондар Лигасында қатарынан 10 ойында гол соққан алғашқы футболшы атанды. Ол Руд Ван Нилстеройға тиесілі болған рекордтан асып түсті.

Криштиану Роналду даңқты Буффон қақпасына 9-шы голын соққан. Бұл көрсеткішке әлі ешбір ойыншы жеткен жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір