RU
Буффон өз қақпасына гол соққан Роналдуды ерекше құттықтады (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Буффон өз қақпасына гол соққан Роналдуды ерекше құттықтады (фото)

Рассказать Вконтакте

Ювентустың аты аңызға айналған қақпашысы Джанлуиджи Буффон өзіне екі мәрте гол салған Роналдуды ойын соңында құттықтады. Атақты қақпашының бұл мейірімді лебізі жанкүйерлер жүрегін елжіретті деп хабарлайды sports.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

Роналдуға тұра шапалақтаған туриндік жанкүйерлерге Джанлуиджи Буффон да қосылды. Ол әйгілі шабуылшыны ойын соңында өзі жеке барып құттықтаған.

Криштиану Роналду Буффон қақпасына 9 гол соққан бірден-бір футболшы.

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

"Ювентус" қақпашысы португалдық шабуылшыны жекелей құттықтап қана қоймай, баспасөз мәслихаты барысында да оған деген құрметі мен мадағын аямады.

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

«Роналду - керемет ойыншы. Ол алаңда нағыз жыртқыш қасиетке ие футболшы. Пеле мен Марадонна іспеттес. Криштиану кез келген ойынның тағдырын бір минут ішінде-ақ шешуге қауқарлы.»,- деді Буффон.
«Футболда жеңілістер болып тұрады. Алайда, Чемпиондар Лигасында ұтылып қалу өте ауыр тиетіні сөзсіз. Әсіресе мен үшін. Бізге әлемнің үздіктерін біріктірген тамаша команда қарсы тұрды. Олардың бізге қарағанда мықтырақ болғанын мойындау керек», - деп қайырды қақпашы.

Фото: sports.ru

Фото: sports.ru

Айта кетейік, бұл Джанлуиджи Буффон үшін соңғы Чемпиондар Лигасы болса керек. Келесі жылы әйгілі қақпашы футболдағы мансабына нүкте қоймақшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
0
1
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір