RU
Тәжік жігітіне өлердей ғашық болған қазақ қызының хикаясы көпшілікке сабақ болды
Жаңалықтар Қоғам

Тәжік жігітіне өлердей ғашық болған қазақ қызының хикаясы көпшілікке сабақ болды

Рассказать Вконтакте

Тәжік жігітіне ғашық болған Әнел есімді алматылық бойжеткен өзінің махаббат хикаясы туралы айтып берді. Айтуынша, екеуі бір-бірін қанша жерден сүйгенімен, жігіттің ата-анасы қос ғашықты айырып, сүйіктісін тәжік қызына үйлендіруге мәжбүр болған. Сүйгенінен айырылған бойжеткен басынан кешкенін баяндап берді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Тәжік жігітіне өлердей ғашық болған қазақ қызының хикаясы көпшілікке сабақ болды

Көрнекі фото: ca-news.org

Университетте оқып жүргенде тәжік жігітімен танысып, жақын араласып кеткен Әнел оны сүйіп қалған. Бес жыл бойы кездесіп, үйленуге бел буған шақта жігіттің ата-анасы оларды айырып, жігітті басқа қызға үйленуге мәжбүрлеген.

«Далермен бес жыл бойы кездесіп жүрдік. Оның ата-анасы біздің қарым-қатынасымызға қарсы шығып, өздерінің дәстүрі бойынша тәжік қызына үйлендірді. Бір жылдан соң қызды болды. Қатты қиналдым, бес жыл ішінде бауыр басып қалдым. Бірақ Далер маған үнемі қоңырау шалып, бәрін тастап қайтып келетінін айтатын. Мен де онымен сөйлесуімді қоймадым. Оның келетініне сеніп, күтіп жүрдім. Бірақ күндердің күнінде істеп жүргенімнің дұрыс емес екенін түсіндім. Онымен байланысты үзіп, өз әйелі мен қызына көңіл бөлуін сұрадым", - дейді ол.

Аз уақыттан соң Әнел Майкл есімді АҚШ азаматымен танысқан. Оның өзіне деген құрметін, ыстық ықыласын сезінген Әнел анасының келісімімен оған тұрмысқа шыққан.

"Майкл өте сезімтал, көп нәрсені түсінетін, қарым-қатынаста еркіндікті сүйетін адам болып шықты. Ол маған үйлену туралы ұсынысты та сондай әдемі етіп жасады. Анасымен скайп арқылы сөйлестік.

Осылайша, мен өз сүйгенімді тауып, АҚШ азаматына тұрмысқа шықтым. Ол Алматыдағы мектептердің бірінде биология пәнінен сабақ беретін. Екеуіміз пәтер жалдап, тұра бастадық. Аз уақыттан соң оның келісім-шарты аяқталып, Вьетнамға кететін болдық. Бірақ мен онымен кетуге дайын емес болғандықтан, күйеуім жалғыз кетіп, мен кейін баратын болып шештік. Сөйтіп мен анамның үйіне көшіп бардым", - дейді Әнел.

"Бір күні анамның үйінде болғанмын. Домофонға біреу қоңырау шалды. Сөйтсем, Далер екен. Мен шыға алмайтынымды айттым. Алайда ол мені тыңдамай, шықпасам, үйге баса көктеп кіремін деп қорқыта түсті. Амалсыздан шықтым.

Далаға шықсам, ашудан оның көздері қып-қызыл болып кеткен. Тұрмысқа шыққаныма да сенбей, мені сатып кеттің деп кінәлады. Мен күйеуіммен түскен суретімді көрсетіп едім, ол телефонымды қолымнан жұлып алып, шағып тастады. Қатты ұрысып қалдық", - деген Әнел енді ондай адамдардан аулақ жүретінін жеткізді.

"Қазіргі таңда мені Атырауға жұмыс істеуге шақырып жатыр. Майкл да менің шетелге әзірге бара алмайтынымды, жүрексінетінімді түсініп, күтуге уәде берді. Ол Далер туралы да біледі. Дегенмен, маған ренжіген жоқ. Керісінше, маған сенетінін айтады", - дейді Әнел.

Осылайша, екі ретте де өзге ұлт өкілін сүйіп қалған бойжеткен қазақ қыздарына оң-солын танып, болашақ жарының барлық қасиеттерін мұқият зерттеп алуға кеңес береді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
116
8
9
11
2
25
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel