RU
Павлодарда жоғалып кеткен қыз ұялғаннан үйіне келмей қойған
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда жоғалып кеткен қыз ұялғаннан үйіне келмей қойған

Рассказать Вконтакте

Павлодарда жоғалып кеткен бойжеткен табылды. Бұл туралы 22 жастағы Сабина Мамаеваның жоғалғанын хабарлаған еріктілер мәлім етті. Бойжеткен туған әпкесінің үйіне барып, кіруге батпаған екен. Ол кіреберісте отырып, қайтып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Еріктілер тобы жіберген фото

Еріктілер тобы жіберген фото

22 жастағы студент пен оның анасы полицияға барып, мән-жайды түсіндіруге аттанды.

Сабина Мамаева үйінен анасының банк картасын алып кеткен. Алайда оны қолданбапты. Оны Павлодарға көшіп келгелі тұрып жатқан үйінен тәртіп сақшылары тапқан. Ол қалаға оқуға келген соң, туған әпкесі өз қолына алыпты.

"Анасының айтуынша, студент университеттен барлық құжаттарын алып, оқуын тастап кеткен. Сондақтан, ұяты мазалап, әпкесіне қайтып бармапты. Ол ешқашан өтірік айтпайтын, бірақ осы жолы оқуы туралы жасырып қалыпты", - дейді еріктілер тобының мүшесі Светлана.

Тәртіп сақшылары Сабинаны тапқан кезде, ол әпкесі тұратын үйдің кіреберісінде отырған екен.

Еске салсақ, бірінші сәуір күні 22 жастағы студент қыз анасының банк картасынан ақшаны алып, оны әріптесіне беру үшін үйінен шыққан. Алайда, сол кеткеннен Сабина тіпті жұмысына да келмей қалыпты.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
2
2
3
0
3
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір