RU
Шымкенттік азамат бетін қайтарған көрші қызды пышақтап өлтірген
Жаңалықтар Қоғам

Шымкенттік азамат бетін қайтарған көрші қызды пышақтап өлтірген

Рассказать Вконтакте

Шымкентте Сарыағаш ауданына қарасты Ошақты ауылының 27 жастағы тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Тергеу барысында Марат.М өткен жылдың қыркүйегінде өзінің көршісімен арада болған келіспеушілік нәтижесінде оған 20 жерден пышақ жарақатын келтіргені анықталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: YakutiaMedia

Фото: YakutiaMedia

27 жастағы жігіт қылмысын жасырып қалу мақсатында көршісі тұратын үйді өртеп жіберген. Оның үстіне, жігіттің көрші қызға деген сезімі болған көрінеді. Алайда, жігітті менсінбеген бойжеткен оның бетін қайтарып салады.

Көршісінің бұл қылығына ашуланған жігіт оған 20 пышақ жарақатын жасап, денесін үймен қоса өртеп жібермекші болған.

Сот Марат.М-ді қасақана адам өлтіргені мен үйді өртегені үшін кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушының қорғаушылары оның кінәсі Марат.М-нің мойындауы негізінде ғана дәлелденгенін айтады. Олардың ойынша, сотталушы тәртіп сақшылары тарапынан қысым көргендіктен кінәсін мойындаса керек. Оны тіпті медициналық экспертиза да растап отырған көрінеді. Ол құжатта Марат.М-нің үстіндегі жарақаттардың қамауда болған кезінде келтірілгені расталған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
6
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel