RU
Астанадағы мектеп асханасында берілетін тағамдар жұртты шошытты (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанадағы мектеп асханасында берілетін тағамдар жұртты шошытты (фото)

Рассказать Вконтакте

Гүлбану Әбенова есімді желі қолданушысы Facebook парақшасында жазба жариялап, Астанадағы мектептердің бірінің асханасындағы сұмдық жайттарды көрсетті. Ата-аналармен бірге мектеп асханасына арнайы барған ол ондағы өз көзімен көрген жағдай туралы айтты.

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

"Бүгін қалалық ата-аналар комитетімен бірге екі мектептің асханасында болдым. Суретте астанадағы оныншы мектептің асханасы. Көріп отырсыздар, оқушылар үстелдегі тамақты мүлдем жемеген. Бұл бір ауысымда желінген тамақ. Екінші ауысымның балалары да тамақты жемеді. Дәмді емес дейді. Компот ішіп, қарақұмықтан шұқылып жеді. Кейбірі тефтелиден ауыз тиді. Салаттан бір-бір шұқыды да қойды. Олардың артынан да желінбеген тамақтарды жинап алып, төкті. Бір бөшке желінбеген тамақ қалды", - деген ол мемлекет қаржысына сатып алынған тағамның неліктен дәмсіз жасалатынына таңғалды.
Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Қарақұмық пен етке мемлекеттің қанша ақшасы кетті екен?! Нұсқаулық бойынша желінбеген тамақтың барлығын тастау керек. Тіпті, жануарларға да беруге болмайды. Мен тамақтан ауыз тидім. Қарақұмақ дұрыс піспеген, тұзы жоқ. Орамжапырақ пен сәбізден жасалған салат та жеуге келмейді. Ал компот болса, қоңыр сұйықтыққа ұқсайды.

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Тек нан ғана жеуге жарамды болып шықты. Балалар нанды ғана жеп, тағы нан беруді сұрады. 2-3 сынып оқушылары", - деп наразы болды ол.

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Сонымен бірге, ол жұмыс істемейтін тоңазытқышта майонез пен кетчуп тұрғанын да алға тартты. Айтуынша, осылайша мектеп аспазы балаларға у беріп жатыр.

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Бұдан бөлек желі қолданушысының айтуынша, балаларға сулық та берілмейді. Мектеп әжетханасында тіпті сабын да жоқ екенін тілге тиек еткен.

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Оның Facebook желісіндегі бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікірлерін жаудырып, бұл жайтқа қатысты наразылықтарын білдірді.

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Астанадағы мектеп асханасындағы сұмдық жайттардың суреті тарап кетті (фото)

Фото: Гүлбану Әбенованың Facebook парақшасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
32
9
8
2
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір