RU
Қостанайда құдықтан сәбидің өлі денесі табылды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда құдықтан сәбидің өлі денесі табылды

Рассказать Вконтакте

20/31 әскери бөлімшесінің сарбаздары Қостанай облысына қарасты Кеңарал ауылында құдықта жатқан сәбидің денесін тауып алған деп хабарлайды ҚазИнформға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Әскери бөлімше командирінің айтуынша, сәбидің денесін үшінші сәуір күні, кешкісін тапқан.

Шамамен сағат 19:00 шамасында сарбаздар құдықтан су алайын деп, шелегін тастағанда, оның ішінен сәбиді көріп таңғалған.

Алғашында барлығы оны қуыршақ деп ойлапты. Алайда ол сәбидің бөлшектеніп жатқан денесі болып шыққан.

Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері келіп жеткен. ІІД әзірге ол туралы пікір білдірген жоқ.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel