RU
Қазақстанда ұрланған 1,3 млн доллар швейцариялық банктен табылды
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда ұрланған 1,3 млн доллар швейцариялық банктен табылды

Рассказать Вконтакте

Еліміздің Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде «RothschildBankZurich» швейцарлық банктен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі «тыйым салынған» ақшалай қаражатты анықтады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстан

Бас прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаржы Мағзұм Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде.

Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Жақаевқа, Әбдірахмановқа және Құрманалиевке шетелде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдікті.

Осыған орай, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады.

Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды.

Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру барысында «ТАТ Кредит» ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынды.

Прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдады.

Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 млн.астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

Атап өту қажет, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel