RU
ШҚО-да маска киген жігіттер ойыншық тапаншамен дүкенді тонаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

ШҚО-да маска киген жігіттер ойыншық тапаншамен дүкенді тонаған

Рассказать Вконтакте

Шығыс Қазақстан облысында азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған екі ер адам полицейлерге ұсталып қалды деп хабарлайды ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

ШҚО-да екі ер адам ойыншық тапаншамен дүкенге шабуыл жасағаy

ШҚО-да екі ер адам ойыншық тапаншамен дүкенге шабуыл жасағаy

Оқиға 20 наурыз күні Өскемендегі дүкендердің бірінде болған.

Дүкен сатушысы полиция бөлімшесіне қоңырау шалып, медициналық маска және қара көзілдірік тағып алған белгісіз екі адамның дүкенге кіргенін айтқан. Қарақшылар тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, саудадан түскен ақшаны ұрлап кетіпті. Ол кезде дүкенде бір ғана сатушы болған.

Алайда зардап шегуші "шабуылдаған" ұрыларды сипаттап бере алмапты.

«Өскемен қаласындағы ІІБ Үлбі полиция бөлімшесінің полиция қызметкерлері қылмыскерлерді іздеу және ұстау бағытында жедел-іздестіру кешенді шарасын жүргізді. Олар бірнеше күннен кейін ұсталды», - дейді ІІД.

Ұсталған қарақшылар 25 және 29 жастағы облыс тұрғындары болып шықты. Оның біреуі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ, олар қолданған қару ойыншық тапанша болып шыққан және олар сатушыдан 8 000 теңге тартып алыпты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір