RU
Елді тақырға отырғызған "Ордабасы" ойыншысы алаяқтығы үшін сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Елді тақырға отырғызған "Ордабасы" ойыншысы алаяқтығы үшін сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте алаяқтыққа қатысты айыпталған "Ордабасы" футбол командасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, 26 жастағы Эльдар Бақтығалиевтің соты аяқталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото www.sports.kz

Фото www.sports.kz

ОҚО әкімдігі атынан Бақтығалиев өткен жылы аудан әкімдері мен жеке құрылым басшыларынан миллиондаған қаржы жинап отырған. Ол аталмыш қаражатты қайырымдылыққа жұмсайтынын айтып, шын мәнінде өз қажеттілігіне жаратқан.

Оның алаяқтық әрекеттерінен 1,5 миллионға жуық теңгесін сарп еткен 12 тұлға зәбір көрген. Солардың ішіндегі аудан әкімдерінің бірі облыстық әкімдіктегі таныстары арқылы спортшының не үшін ақша жинап жүрегін анықтап көрген.

Сотта Бақтығалиев өзінің кінәсін толық мойындады. Кей жәбірленушілерге қаржысын қайтарып, олардың кешірімін алған. Қалғандары әзірге ақшасын алатынына үміттеніп, күтіп отыр екен.

Осылайша, алаяқтық жасаған азамат сот төрелігімен үш жыл бойы жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel