RU
Павлодар тұрғыны көршісінің қызын аяусыз ұрып, тепкілеп тастаған (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар тұрғыны көршісінің қызын аяусыз ұрып, тепкілеп тастаған (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ оқырманы редакцияның + 7 747 535 12 98 WhatsApp нөміріне өзінің 15 жастағы қызын көршісі сабап тастағаны туралы видео және хабарлама жіберді.

9 сныып
«Менің қызымды бір жылдан бері төменгі қабатта тұратын көршіміз аңдып жүр. Ол әйел тиісу үшін кез-келген сылтауды ойлап табады: лифтке сурет салып тастады, баспалдақпен көтерілгенде біздің үйіміз арқылы өтеді, подъезде тұрған мысығымды сипалады деп.

Сондай-ақ, ол өз қызын менің қызыма қарсы қояды. Одан бөлек олардың жанұясында тағы үш бала бар.

Сенбі күні анасы мен қызы ауладағы балалардың көзінше қызымды тепкілеп ұрып, сабап тастаған. Мен айқайды естіп, подъездге шыққанымда сол әйелді көрдім.

Одан не себепті қызыма қол көтергенін сұрағанымда "басқа ұлт өкілінен бала табудың қажеті жоқ", - деп жауап берді. Көршім екеуміздің ұлтымыз бір еді.
Енді қызым далаға шығуға қорқып қалған, таяқ жеп қалғаннан кейін оның басы айналып, жүрегі айныды. Біз невропатологке барып жүрміз», - деп жазады оқырман.

Павлодар қалалық ІІД баспасөз қызметі аталмыш фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір