RU
Instagram-да алданып қалған кәсіпкер қыз алматылық полицейлерге ашынды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Instagram-да алданып қалған кәсіпкер қыз алматылық полицейлерге ашынды (фото)

Рассказать Вконтакте

Оқырманы көп жиналған Instagram парақшасын сатып алып, кәсіпкерлігін дамытпақ болған алматылық бойжеткен 70 мың теңгесін ауаға шашты. Айтуынша, ол "алаяқтардың" арбауына түсіп қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Мейіргүл Искендирова сауда орталығында киім сататын дүкенін ашып, кәсіпкерлігін домалатып отырған ару. Ол ағымдағы жылдың қаңтар айында интернет арқылы саудасын жақсартпақ болып, оқырманы көп Instagram парақшасын сатып алады.

Жанындағы әріптестерінің де осындай жолмен ісін дөңгелетіп отырғанына қызығып, ғаламтордағы хабарландырудан 70 мың теңгеге 50 мыңнан астам оқырманы бар парақшаны табады. Оны сататын адаммен келісіп, банктегі есепшотына аталған соманы салып жіберген. Осыдан кейін парақшаны сатқан адам Мейіргүлге оның логині мен құпия сөзін жібереді.

"Бұл 53 600 жазылушысы бар, қызықты видеолар жарияланған парақша болатын Оның ақшасын төлеп, барлық мәліметтерді алған соң құпия сөзді ауыстырып қойдым. Содан біртіндеп, видеоларды өшірдім. 1-2 күн өткен соң, әлгі парақшадан мені шығарып тастады. Мәліметтерімді енгізсем, оны дұрыс емес деп, қайта шығарып тастай береді. Не болғанын түсінбей, оны сатқан азаматқа қайта хабарластым", - дейді ол.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Instagram парақшасында оқырманды жиып алып, содан кейін сатып отыратын азамат Мейіргүлге ешнәрседен хабары жоқ екенін айтқан. Алайда оны қайта тексеріп көруге уәде етіпті. Дегенмен, сол оқиғадан соң әйел желідегі парақшасын қайта қалпына келтіре алмайды.

"Көріп жатырмыз деп 1-2 күн сылтау айтып, одан кейін мүлдем менің қоңырауым мен хабарламаларыма жауап бермей қойды. Осыдан соң мен оның алаяқ екенін түсіндім. Ақшамды қайтар немесе парақшамды қалпына келтір деп қанша рет жазып та жібердім. Оны оқиды да, жауап қайтармайды. Болмаған соң ІІД-не шағымданбақ болып шештім", - деп ақтарылды келіншек.

Мейіргүлдің айтуынша, ол шағым жазу үшін екі апта бойы ІІД-не сандалған. Құзырлы органда келіншектің шағымын қабылдайтын адам табылмай, әбден әбігерге салыпты.

"Сонымен, екі жеті жүріп, әзер дегенде арыз жаздым. Менің қолымда парақшаны сатқан адамның банктегі есепшот нөмірі, сөйлескен хабарламаларымыз - бәрі бар. Осыны полицейлерге түсіндіріп, уақыт өткізбей, алдап кеткен сатушыдан ақшамды қайтарып беруін өтіндім", - дейді Мейіргүл.

"Өзіміз хабарласамыз" деп, жылы шығарып салған тәртіп сақшыларының жауабын Мейіргүл әлі күтіп жүрген көрінеді. Одан кейін де бірнеше рет бөлімшеге барғанымен, еш нәтиже болмапты. Бүгінде кәсіпкердің полициядан жауап күткеніне екі айдан асып кетті.

"Бұл парақша менің телефонымның іздеу жүйесінде сақталып қалған. Сондықтан оның аты қанша өзгерсе де, менде көрініп, шығып тұрады. Бір қызығы, мен 70 мыңға сатып алған парақшаның содан бері атауы мен иесі бірнеше рет ауысып, түрлі мекен-жайлар көрініп отырады. Дегенмен олар да алданған адамдар шығар деп санаймын. Себебі ұзақ уақыт бір адамның қолданғанын байқамадым", - деп отыр ол.

Айта кетейік, аталған оқиғаға байланысты ІІД-не сұралым жіберілді. Құқық қорғау органдарының жауабы жақын күндері берілетін болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
0
1
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel