RU
Павлодар облысында қарындасын шапалақпен тартып жіберген жігіт түрмеге түсті
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында қарындасын шапалақпен тартып жіберген жігіт түрмеге түсті

Рассказать Вконтакте

Железин аудандық соты Башмачное елді-мекенінің 26 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік істі қарастырды. Ер адамға 16 жастағы қарындасын шапалақпен ұрғаны үшін кінә тағылған деп хабарлайды pavon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: pavon.kz

Фото: pavon.kz

Сот барысында 26 жастағы ер адам өз кінәсін мойындаудан бас тартты. Ол өз әрекеттерін тілін алмаған қарындасын тыныштандырмақ болдым деп түсіндірген.

Тергеу жұмыстары кезінде Башмачное ауылының тұрғыны бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Алайда, ер адам бұл қылықтарынан кейін өзгеруге тырыспаған да көрінеді.

Көршілерінің айтуынша, 26 жастағы ер адам ішімдік ішуге құмар әрі жұмыссыз.

Келтірілген дәлелдерге сәйкес, сот қарындасын шапалақпен тартып жіберген ер адамға 15 күнге қамау туралы үкім шығарды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel