RU
Өзге біреудің атынан жалған парақша ашып алған атыраулық азаматтың басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Өзге біреудің атынан жалған парақша ашып алған атыраулық азаматтың басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Атыраулық азамат әлеуметтік желіде жазған дөрекі сөзі үшін жауапқа тартылды деп хабарлайды atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: russtartup.ru

Көрнекі фото: russtartup.ru

Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, айыптаушы азамат сотқа жазған шағымында 2018 жылдың ақпан айының 9 күні танысы "Друг Вокруг" әлеуметтік желісінде өзінің атынан жалған парақша ашылғанын айтқан.

Сонымен қатар осы парақшада өзінің абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн және өзінің беделiн түсiретiн жалған мәлiметтер таратқанын, сол үшін ол азаматты Қылмыстық кодекс бойынша жауапқа тартуды сұраған.

Сот талқылауында арыз түсірген атыраулық тұрғын мен айыпталушы өзара татуласқан.

Осыдан кейін қылмыстық іс қысқартылып азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel