RU
Қазақстандық азамат Махачкаладағы сот залында өз-өзін өлтірмек болды
Жаңалықтар Әлемде

Қазақстандық азамат Махачкаладағы сот залында өз-өзін өлтірмек болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Тимур Муритов тәртіп сақшылары тарапынан көрген қысым кесірінен Махачкала қаласындағы сот залында өз-өзіне қол салмақшы болды деп хабарлайды "Кавказский узел»-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: flashnord.com

Фото: flashnord.com

Тимур Муритов қорғаушысының айтуынша, ол наурыз айында Ислам мемлекетіне адам тарту ісін басқарушы ретінде күдікті саналып Махачкалада ұсталған. Оған қоса, Тимурға жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды заңсыз түрде ұстауына байланысты кінә артылса керек.

Қорғаушының мәлімдеуінше, сотталушы полиция қызметкерлері тарапынан жиі соққыға жығылып тұрғандықтан, бірнеше мәрте өз-өзіне қол жұмсауға дейін барған.

Қазақстандық азамат сот залында да сол себепті өз-өзін зақымдаған көрінеді. Қорғаушының айтуынша, полиция қызметкерлері тоқтатып үлгермегенде, Тимур Муритов өз әрекетін жалғастыра бермек болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір