RU
Шымкент-жердің жұмағы: Шымқалаға алғаш барған мексикалық ару қуаныштан жылап жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Шымкент-жердің жұмағы: Шымқалаға алғаш барған мексикалық ару қуаныштан жылап жіберді

Рассказать Вконтакте

Назарбаев университетінің магистранты, мексикалық бойжеткен Сандра Реальдың Астанаға келгеніне жарты жылдан астам уақыт өтті. 10 жасында Қазақстанның саф табиғатын тек кітаптен көрген ол, сол кезден бастап-ақ қазақ елін бір көруді армандайды. Сандраның қиялына қанат бітіп, Астанаға оқуға келген ол, тіпті, оңтүстіктегі Шымкентке де барып үлгеріпті. Сандра Реаль Шымқаладан алған әсерін NUR.KZ тілшісіне айтып берді.

Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Шымкентке құрбысының ұзату тойына барған Сандра Реаль осы сапарында алғаш рет пойызды көрдім дейді. Айтуынша, Мексикада жүрдек пойыздар атымен жоқ екен.

«Мексикада адамдар автобус, ұшақпен қатынайды. Ал пойыз деген мүлде жоқ, сол себепті, 17 сағаттық жолды пойызбен жүріп өту мен үшін өте қызық болды. Шымкенте жеткен бойда қаламен таныстық. «Дендро» саябақты көріп, шымкенттік балмұздықтың дәмін таттық. Шыны керек, мен мұндай тәтті, дәмі тіл үйіретін балмұздақты бірінші рет көрдім. Ал қаланың табиғатынан алған әсерімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тау да, жасыл бау да, кең алқаптардың бәрін де өз көзіммен көріп, қуаныштан көзіме жас алдым. Өйткені, 10 жасымда тек кітаптан көрген Қазақстанның тұмса табиғатын өз көзіммен көру бақытына ие болдым»,-деп ағынан жарылды ару.
Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Шымкентке алғаш саяхаттап барған бойжеткен оның өзі туып өскен Мексиканың Оахака қаласына қатты ұқсайтынын атап өтті.

«Климатының жылылығы, дәстүрді берік ұстануы мен адамдардың қонақжайлылығы тұрғысынан Шымкент туған қалам Оахакаға ұқсайды екен. Ал, қыз ұзатуға келер болсам, шынымды айтсам, ол жайлы естігенім болмаса көрмеген едім. Құрбымның ұзатуы үлкен мейрамханада, ұлан-асыр той болып өтті. Онда бірінші рет бешбармақты астауға салып, қонақтарға тартқанын көрдім. Астаудың безендірілуі өте әдемі, шетіндегі аң суреттерін көріп, тіптен таң қалдым. Сол сияқты саумал қымыздың дәмін бірінші рет таттым, ол жай қымызға қарағанда тәтті болады екен. Айтпақшы, Мексикада да тойда қонақтарға таралылатын пулке деген ұлттық сусын бар. Ол агава, яғни, кактустан жасалады»,-дейді Сандра Реаль.
Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Сондай-ақ, оңтүстік америкалық ару Шымкент халқының тек қазақ тілінде сөйлейтініне тәнті болдым дейді.

«Астанада орыс тілінде сөйлейтін тұрғындар өте көп. Ал Шымкентте олай емес, керісінше, жергілікті халықтың бәрі қазақша сөйлейді. Маған қазақ тілін үйренгің келсе, сонда қал деп қалжыңдаған жандар көп болды. Жалпы, шымкенттіктер өте қонақжай, жылыжүзді халық. Шымкент - жердің жұмағы десем артық айтқаным емес. Тамақтарының да бағасы арзан, мысалы бір тамақты 500-1000 теңгеге алуға болады, Астанада ол кем дегенде 4000 тұруы мүмкін», - деп өз әсерлерімен бөлісті ару.
Сурет: NUR.KZ

Сурет: NUR.KZ

Мексикалық бойжеткенді бәрінен бұрын ұзатудағы түнгі 12-ден кейін ер-жігіттің қалыңдықты өзімен бірге әкету дәстүрі таң қалдырыпты.

«Қыз ұзатудағы сол дәстүр расымен қызық, әрі көңіл тебірентеді. Негізі, ұзатуды қалыңдықтың өз жұртымен қоштасуы деп айтар едім. Мексикада да қалыңдық жақ той жасайды, бірақ, сіздердегіге қарағанда дәстүр сәл басқа. Десе де, қонақты көп шақыруы, ұлттық әндерге билеуі сияқты тұстары біздікіне қатты ұқсайды»,-деп сөзін қорытындылады бойжеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
2
0
68
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel