RU
Павлодар тұрғыны сал ауруына шалдыққан інісін есік алдына тастап кеткен (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар тұрғыны сал ауруына шалдыққан інісін есік алдына тастап кеткен (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда сал ауруына шалдыққан інісін біреудің ауласының алдына апарып, тастап кеткен әйелдің әрекеті желіде қызу талқыға түскені белгілі. 62 жастағы ер адамды тауып алған зейнеткер оны үйіне тұрғызған.

Павлодар тұрғыны сал ауруына шалдыққан інісін біреудің есік алдына тастап кеткен (фото)

Фото: pavon.kz

"62 жастағы Николай Тучков инсульт алған соң денесінің оң жақ бөлігі сал болып қалған. Оны біреудің есік алдына туған әпкесі әкеп тастаған. Ер адамның айтуынша, Павлодарда оның қызы да бар көрінеді", - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде.

Николай Тучковты қазіргі таңда Қайырымдылық үйіне орналастырып, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілуде. Оған қоса, ол қажетті медициналық көмек алып, құжаттарын түгендеп, мүгедектігі туралы анықтама берілетін болады.

Еске салсақ, Павлодарда өздігінен жүре алмайтын ер адамды есік алдынан тауып алған зейнеткер оқиғаның қалай болғанын айтып берген болатын.

"Бұл мереке алдында, 20 наурыз күні болған. Бір кезде есік түбінен біреудің дауысы шықты. Есікті ашсам, баспалдақтар маңында жеңіл күртеше киген ер адам жатыр. Ол дұрыс сөйлей және қозғала алмады. Мен полиция шақырдым", - дейді зейнеткер.

Зейнеткердің айтуынша, полицейлер оның жағдайына қарап, мейрам кезінде оны үйіне паналатуға шақырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel