RU
Агенттік: Қазір мемлекеттік қызметкерлер өз басшылығынан да көп қысым көріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Агенттік: Қазір мемлекеттік қызметкерлер өз басшылығынан да көп қысым көріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Бүгін Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Арман Бердалин тілшілермен кездесті. Басшы мемқызметкерлердің жиі сөз естіп, әркімнің тепкісінде жүретініне алаңдаулы деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: news.ykt.ru

Фото: news.ykt.ru

"Қазір барлық жерде тәртіптік кеңестер бар. Мемлекеттік қызметкерлердің тәртіптері қаралады. Біз тәртіпті ғана емес, мемлекеттік қызметкерлердің құқығын қорғауды қолға алуымыз керек. Жазбаса отыра алмайтын бір адамдар бар. Олар жазды екен деп мемлекеттік қызметкерлердің барлығын жазалай беруге тағы болмайды. Қазір қызметшілер қоғамның, көптеген тексерушілердің және өз басшылығы тарапынан да көп қысымға алынып жатыр. Осы мақсатта қызметкерлердің құқын қорғауды қолға аламыз", - дейді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Басшы халықты әкімдерге сенбей, кемшіліктерін өздері түгендеу керек деген пікірде. Оған мысал да келтірді. Ауыл тұрғының қоңырауымен 15 минутта заңбұзушылықтың шешілген.

"Павлодар облысындағы бір ауыл тұрғыны агенттікке қоңырау шалды. Ауылда тартылып жатқан су құбыры құрылысының кемшілігін байқап қалған. Тексеру барысында ол кемшілік анықталып, мәселе 15 минуттың ішінде шешілді.

Осындай жағдай халықтың өзі үшін керек. Әкімдер, басшылар бүгін бар, ертең басқа жерге ауысып кетуі мүмкін. Олар қатардағы жауынгерлер. Біздің агенттіктің басшысының өзі жеті есіктің артында отырған жоқ.

Ауылдың да, ауданның да әкімеріне өзі қоңырау шалады. Сондықтан біз халықтан кез келген кемшілік туралы бізге хабарлауын сұраймыз", - дейді Арман Бердалин.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір