RU

15 жастағы атыраулық қыз көшеде темекі шеккені үшін ұятқа қалды

1 сәуір күні Атырау қаласындағы Балықшы поселкесінде полиция қызметкерлері шылым шеккен 15 жасар қызды ұстады деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: ru.delfi.lt
Көрнекі фото: ru.delfi.lt: UGC

Жасөспірім шылым шеккенімен қоймай, шегіп болғаннан кейін тұқылын жерге тастай салған.

Кейін қыздың ата-анасын шақырылып, әкімшілік соттың шешімімен темекі шеккен қыздың анасына 11 785 теңге айыппұл салынды.

Сотта анасы қызының тәрбиесін дұрыстап қолға алатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724888-15-zastagy-atyraulyk-kyz-ksede-temeki-sekkeni-sin-atka-kaldy.html