RU
Бұрынғы сүйіктісінен өш алмақшы болған медбике оны өртеп жіберген
Жаңалықтар Әлемде

Бұрынғы сүйіктісінен өш алмақшы болған медбике оны өртеп жіберген

Рассказать Вконтакте

Флоридалық медбике Шивон Переске өзінің бұрынғы жігітін өлтірмекші болғаны үшін кінә тағылып отыр. 38 жастағы әйел ер адамды үйіне көмектесу үшін шақырып, өртеп жіберген деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Шивон Перес пен Брэдли Аткинс наурыз айының соңында айырылысып кеткен болатын. Алайда, арада бір апта өткен соң медбике бұрыyғы жігітін пасхалық кешкі асқа шақырған.

38 жастағы әйел Брэдлиді қолына түсіру үшін су құбырының істен шығып қалғанын сылтауратқан көрінеді.

Келе салып жөндеу жұмыстарына кіріскен ер адамға Шивон бензин шашып, оны өртеп жіберген. Ол бұл әрекетімен жүрегін жаралап кеткен Брэдлиді жазаламақ болса керек.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Сүйіктісінің өртеніп жатқанына қарамастан 38 жастағы медбике оның қашып кетпеуі үшін есікті қатты жабуға тырысқан. Алайда, айласы іске аспай Брэдли өшін алмақ болған Шивонның үйінен қашып шықты.

Ер адам сансыз күйік жарақаттарымен дереу ауруханаға жеткізілген.

Шивон Перестің өзі де өрттен итін құтқарамын деп түтіннен иістеніп қалғаны белгілі болды. Оған өрт жасау, адамды ұрлау мен оның өміріне қауіп келтіру кінәлары тағылып отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel