RU
Қызқұмармын: Дәурен Айдарқұлов өзінің махаббатта "тұрақсыз" екенін мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қызқұмармын: Дәурен Айдарқұлов өзінің махаббатта "тұрақсыз" екенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Атышулы әзілкеш Дәурен Айдарқұлов күні кеше ғана режиссер Асқар Бисембиннің "Жена не стена" фильміне түсіп үлгерді. Фильмнің тұсаукесеріне келген ол, кинодағы образы өмірдегі Дәуренге дәл келеді деп таң қалдырды. Бұл туралы ол "Ревю" бағдарламасына айтып берген.

Фото: sn.kz

Фото: sn.kz

Бастапқыда фильмге басты рөлге Кентал таңдалғанымен, кейіннен режиссер Асқар Бисембин атышулы Дәурен Айдарқұловтың кандидатурасына тоқтапты. Айтуынша, аталмыш рөлді Дәурен жақсы сомдап шыққан.

"Кентал кешірсін, бірақ, Дәурен бұл рөлді жақсы ойнап шықты", - деп қысқа қайырған фильм режиссері.

Ал әзілкештің өзі болса, кинодағы кейіпкер өмірдегі Дәуреннің көшірмесі екенін айтып қалған.

"Өмірдегі Дәуренге де бұл образ қатты ұқсайды деп айта аламын. Иә, негізі осындаймын", - деп жауап берді әртіс.

Әзілкештің бұл пікірі әріптесі Марат Оралғазинге жақпай қалған сияқты. Ол өмірлік жар - біреу ғана болуы тиіс деген.

"Қате дүние деп ойлаймын. Сен өмірлік жарыңды таңдағаннан соң, міндетті түрде онымен бүкіл өміріңді сүруге тиіссің" , - деп қысқа қайырды ол.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
21
4
3
7
0
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір