RU

Мәскеуде тағы бір сауда орталығынан өрт шығып, бір адам қаза тапты (фото, видео)

Мәскеудің шығысында "Персей для детей" сауда орталығынан өрт шықты. Соңғы мәліметтер бойынша, өрттен бір адам қаза тауып, үш адам зардап шеккен деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tass.ru
Фото: tass.ru: UGC

Агенттіктің мәлметінше, қаза болған адам сауда үйінің қызметкері. Ал зардап шеккендер өрт қызметінің қызметкерлері.

lenta.ru-дың хабарлауынша, өрт орталықтың төртінші қабатындағы ойыншықтар қоймасынан шыққан. Адамдардың жарты бөлігін сауда орталығын басқа ғимаратпен жалғап тұрған өтпелі галерея құтқару баспалдағы арқылы эвакуациялаған. Түтінді жою жүйесі штаттық түрде жұмыс істеп тұрды.

Фото: tass.ru
Фото: tass.ru: UGC

Шамамен 300-ден аса адам ғимарат ішінен эвакуацияланған. Қазіргі уақытта 80 шаршы метр көлеміндегі өрт ауыздықталды.

Фото: tass.ru
Фото: tass.ru: UGC

Сауда орталығы Малая Семеновская көшесіндегі 28-ші үй ғимаратында орналасқан. Оның төртінші қабатында балаларға арналған ойын бөлмесі, шаштараз бен студия бар.

Еске сала кетейік, жақында Кемероводағы "Зимняя вишня" сауда орталығынан шыққан алапат өрт талай адамның өмірін қиған болатын.

"Зимняя вишня" мен "Персей для детей" орталықтарындағы өрт екі ғимараттың да төртінші қабатынан бастау алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724906-mskeude-tagy-bir-sauda-ortalygynan-rt-sygyp-bir-adam-kaza-tapty-foto-video.html