RU
Матч кезінде жарақат алған хоккейшінің бүйрегі екіге жарылып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Матч кезінде жарақат алған хоккейшінің бүйрегі екіге жарылып кетті

Рассказать Вконтакте

"Сент-Луис Блюз" шабуылшысы Скотти Апшолл ойын кезінде алған аса ауыр жарақат салдарынан белгісіз мерзімге команда сапынан шығып қалды. Тексеріс нәтижесінде хоккейшінің бүйрегі жарылып кеткені анықталды деп хабарлайды segodnya.ua-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Ұлттық хоккей лигасының "Аризона Койотис" пен "Сент-Луис Блюз" командалары арасындағы кезекті кездесуде қайғылы оқиға орын алды. Ойынның екінші бөлігінде Скотти Апшолл аризоналық қорғаушы Люк Шенмен соқтығысу кезінде ауыр жарақат алды.

31 наурыз күні "Сент-Луис" пен "Аризона" арасында өткен тартысты ойын 6:0 есебімен аяқталды. «Сент-Луис Блюз» жеңіліс тапқанымен қатар, өзінің үздік ойыншыларының бірінен белгісіз уақытқа айырылып қалды.

34 жастағы хоккейшінің жарақаты жөнінде команда президенті Дуг Армстронг мәлімдеді. Оның айтуынша, Апшоллдың бүйрегі екіге жарылып кеткен. Биылғы мауысымда оның мұз айдынына шықпайтыны анық.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір