RU
Таң намазын оқып жатқан ОҚО тұрғыны қар барысын көріп, таңырқап қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Таң намазын оқып жатқан ОҚО тұрғыны қар барысын көріп, таңырқап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

ОҚО тұрғыны Шымкент қаласынан 55 шақырымдай қашықтықтағы тау етегінде орналасқан Науытсайдағы "Алтын дән" демалыс үйі маңынан әдетте, көзге көріне бермейтін қар барысын байқап қалған. Бүл туралы "Оңтүстік Қазақстан" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: okg.kz

Көрнекі фото: okg.kz

Тәккаппар аңды жақыннан көру бақыты демалыс үйінің күзетшісі Нүркен Жеңісовке бұйырған.

Ол таңғы намазын оқып жатқанда мысыққа ұқсайтын жануардың бақылау-өткізу бекетінің алдындағы қиыршық тасжолды кесіп өтіп, жота жаққа қарай жылдам жортып бара жатқанын көзі шалады.

Сөйтіп, жалма-жан қалта телефонын суырып алып, қар барысын фотоға түсіріп үлгереді. Бұл қайталанбас сәт аталмыш бекеттің бақылау камерасына да тайға таңба басқандай басылып қалған.

Демалыс үйінде тынығушылар анда-санда құз-жартастардан тау ешкілері мен арқарларды көздері шалмаса, киелі аңды кездестірмеген екен.

Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
8
19
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel