RU
Путин Ангела Меркельді қорқыту үшін итін алып келген
Жаңалықтар Әлемде

Путин Ангела Меркельді қорқыту үшін итін алып келген

Рассказать Вконтакте

Хиллари Клинтон мен Владимир Путин бір-бірін жақтырмайтынына күллі әлем куә. Оны АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы кезекті жиын барысында тағы бір мәрте дәлелдеп өтті. Хиллари Клинтон наурызда қайта сайланған ресейлік президентті «әйел атаулысының әлемдік масштабтағы жек көрушісіне» теңеді деп хабарлайды spletnik.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Саясаткердің айтуынша, Владимир Путин әйелдерге қарсы тек қана үрей тактикасын қолданса керек. Ресей басшысы адамдарды қорқытудан ләззат алады дейді ол.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Сөзінің негізділігін дәлелдемек болған Клинтон Сочиде өткен Путин мен Германия канцлері Ангела Меркельдің кездесуін еске салды. 2007 жылдың басында болған кездесу барысында бөлмеге Путиннің иті кенеттен кіріп келген.

«Ол Меркельдің иттен қорқатынын білді. Қара түсті итті әлемнің үздік басшыларының қатарына кіретін әйелді қорқыту мақсатында алып кірген. Ол оның көзінде пайда болған қорқыныштан рахаттанды. Ол өзі сондай адам», - деді Хиллари Клинтон.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Ол Владимир Путиннің бұл әрекеттерді басшы әйелдер алдында өзін қуаттырақ сезіну үшін істейтінін айтты.

«Ол өз осалдығынан қорқады. Маған салсаңыз Ресейдің мықты саясаты да, елеулі экономикасы да жоқ. Олардың қолынан тек қорқыту ғана келеді», - деп кесіп айтты бұрынғы мемлекеттік хатшы.

Клинтон Ресей президентіне алғашқы рет қарсы шығып отырған жоқ. 2008 жылы ол Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері болған Путинде мейірімділік атаулысы жоқ деп сынға алған.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel