RU
Ақтауда бұрынғы депутат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтауда бұрынғы депутат жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтауда бұрынғы депутат Сергей Кутепов жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. 48 жастағы азамат 1 сәуір күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған деп хабарлайды "Лада" порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сергей Кутепов. Фотоны азаматтың туыстары берген

Сергей Кутепов. Фотоны азаматтың туыстары берген

Туыстарының мәліметінше, Сергей Кутепов, жексенбі күні 8:30-да шығып кетіп, қайта келмеген. Енді ер адамның туыстары жақынын табу үшін жұрттан көмек сұрап отыр.

Із-түзсіз кеткен азаматтың белгілері: Бойы 176 сантиметр, шашы қара, көзі көк. Сол күні үстінде қоңыр түсті күртке, басында тоқылған бас киім, джинс мен аяғында сұр түсті кроссовки болған

Сергей Кутеповтің туыстары оған қатысты қандай бір мәлімет білетіндер болса мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 8 701 5225449 немесе 102.

Айта кетейік, Маңғыстау облыстық әкімдігінің сайтында Сергей Кутеповтің V шақырылған Ақтау қалалық мәслихатының депутаты екені айтылған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір