RU
Ақтаудағы қалтаны қағып алатын мұражай экспонаттары жастардың ашуын келтірді
Жаңалықтар Қоғам

Ақтаудағы қалтаны қағып алатын мұражай экспонаттары жастардың ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының 8 747 535 12 98 WhatsApp желісіне Ақтау қаласында оқитын студент қыз хабарласып, мұражай экспонаттарын көрудің өзі қалтаны қағып алатынын айтты.

ФОто: muzey.kz

ФОто: muzey.kz

Ұлдана есімді студенттің айтуынша, ол топта оқитын достарымен бірге Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барған. Мұражайды аралау туралы тапсырма колледж мұғалімінен түседі. Музейдегі кейбір жәдігерлер сабағына қажет болғандықтан, кей заттарды суретке түсіріп алмақ болыпты.

Алайда, мұражай қызметкерлері ол үшін студенттерден ақы талап етіп, әрбір жәдігерді суретке түсіру үшін арнайы баға бекітілгенін айтқан.

Фото: muzey.kz

Фото: muzey.kz

"Домбыраны түсіру 900 теңге, өмірбаянды суретке түсіріп алу үшін әр бетіне 500 теңге төлеу керек екен. Оған қоса музей қызметкерлері бізге "ақшаларың жоқ болса, басқа жерге барыңдар" деп айтты. Сонда не себепті тарихи жәдігерлерді суретке түсіріп алу ақылы?", - деп шамданды студент.

Мұражай қызметкерлері өз кезегінде, аталмыш ақпараттың рас екенін айтты. Ондағы жәдігерлерді суретке түсіру үшін, тіпті мұражайға кіру үшін де қонақтар ақы төлеуі тиіс дейді олар.

"Суретке түсіру, мұражайға кіру бізде ақылы. Себебі мұражай - мемлекеттік коммуналдық мекеме болғандықтан, ол қандай да бір кіріс түсіріп отыруы тиіс. Бұл қаржы - мемлекеттік бюджетке құйылады және бағаларды облыстық мәдениет бөлімінің өзі бекіткен", - дейді мұражай директорының орынбасары.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel