RU
Шымкентте танымал бизнесменді қызымен қоса өлтіріп кеткен өз немересі болып шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте танымал бизнесменді қызымен қоса өлтіріп кеткен өз немересі болып шықты

Рассказать Вконтакте

Шымкентте қорқор мен темекі сататын кәсіпкерді қызымен қоса пышақтап, аяусыз өлтіріп кеткен өз немересі болып шықты деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Жантүршігерлік қылмысқа барған 24 жастағы азамат өзінің туған анасы мен нағашы атасын өлтіріп кеткен. Бұл туралы кешелі бері тіс жармаған полицейлер айтып берді. Олар күдіктіні бірден ұстаған екен.

Қылмыскер өз кінәсін толық мойындағанымен, оны не үшін жасағанын айтпапты.

Аталмыш іске қатысты азаматтың үстінен «кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қанды оқиға болған үйдің көршілері мерт болған әйел бұл жерге жақында көшіп келгенін айтады.

"Көршілердің айтуынша, әлгі жас жігіт анасы мен нағашы атасын өлтіріпті-міс. Ал күдіктіні полицейлердің тек бір іш киіммен ғана үйден алып шығып жатқанын өз көзіммен көрдім. Үсті-басының бәрі қан еді", - дейді көршісі Петр Кривцов.

Марқұм әйел осы үйде баласымен бірге тұрған. Ал ажалын немерісінің қолынан құшқан нағашы атасы Түркістаннан қыдырып келіпті. Олардың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды.

Еске салсақ, үшінші сәуір күні Шымкентте 70 жастағы кәсіпкер мен оның 45 жастағы қызы өлі күйінде Жұманов көшесіндегі өз үйлерінен табылған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
15
21
1
8
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel