RU

Талдықорғанда көлік түгілі, жаяу жүріп өте алмайтын жолдарды әкім сынап тастады

Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев жол жөндеуші компаниялардың жұмысын сынап тастады. Ол газ құбырларын жүргізгеннен кейінге жолды қалпына келтіру жұмыстарының тым созылып кеткеніне ашуланды деп хабарлайды BNews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: youtube.com
Фото: youtube.com: UGC

"Бүгінде Талдықорған жолдарында көлік түгілі, жаяу адам жүріп өте алмайды", - деді әкім.

Айтуынша, жолды төсеу барысында кей ережелер сақталмаған көрінеді. Мердігер компанияға тапсырыс берген облыстық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы екен.

"Ешкім облыстық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын кінәламайды. Барлығын қалалық әкімдікке жүктеп отыр. Сондықтан бүгіннен бастап, газ құбырларын жүргізу бойынша жұмыстарды өзім бақылауға аламын", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1724950-taldykorganda-klik-tgili-zaau-zrip-te-almajtyn-zoldardy-kim-synap-tastady.html