RU
Оралда 88 жастағы жалғызбасты әжейді өз иті талап өлтірді
Жаңалықтар Қоғам

Оралда 88 жастағы жалғызбасты әжейді өз иті талап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Оралда тұратын 88 жастағы қарияны күшік кезінен асырап өсірген иті түн ішінде тістеп алған. Зейнеткердің жарақаты қатты қансырап кеткен соң жедел-жәрдем шақырған. Бірақ олар келгенде тұрып есікті аша алмапты деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Кейуана тұрған үйді қазір мамандар қоршап тастаған. Аулаға ешкімді жолатпайды. Cебебі, иесін қапқан ит құтырма дертін жұқтырған болуы әбден мүмкін екен. Сондықтан оны дәрімен өлтіріп, басын тексеруге жіберді.

Марқұмның көршілері түнде жедел жәрдем келгенде, оған аса мән бермепті. Дәрігерлер де есік ашпаған соң, кері қайтып кеткен. Нәтижесінде, жалғыз тұратын әже итіне таланып қайтыс болды.

Туыстары иттің адам өлтіретіндей үлкен болмағанын айтыпты. Ол үнемі байлаулы тұрады екен. Сол себепті, тәртіп сақшылары қарияны алғашында адам қолынан өлген болуы мүмкін деп болжаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір