Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Толғағы қысқан әйел акушермен би билей жөнелді (видео)

Опубликовано:

Instagram желісінде толғағы қысқан әйелдің акушер-дәрігермен билеген көңілді биі тарап, жұртты сүйсінтті деп жазады NUR.KZ порталы.

Видеожазбада ішін ұстап, қиналып отырған жүкті әйелдің жанына дәрігері келеді. Ол бірден көңілді әуенді қосып, босанғалы отырған әйелді биге шақырған.

Осылайша екеуі шыр айнала билеп, тамаша көңіл көтерген.

Оны көрген желі қолданушылары "Осындай перзентханада босану қандай бақыт" деп, сүйсіне пікір қалдыруда. Ал кейбірі керісінше, "толғақ кезінде билемей-ақ, қимылдаудың өзі мұң" деп, видеоның жай ғана қойылым екенін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1724954-tolgagy-kyskan-jel-akusermen-bi-bilej-zneldi-video/

pixel