RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

Рассказать Вконтакте

5 сәуірде Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады, тек солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі. Еліміздің оңтүстігінде дауыл болып, бұршақ жауады деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

Көрнекі фото

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, ал күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel