RU
Семейдің төрт бірдей сұлуы "Әлем аруы" байқауында бас жүлдеге ие болды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Семейдің төрт бірдей сұлуы "Әлем аруы" байқауында бас жүлдеге ие болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Вьетнамда өткен «Universe Beauty» халықаралық сұлулық байқауынан семейлік төрт ару бас жүлдемен оралды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төрт бірдей Семей сұлуы "Әлем аруы" байқауында бас жүлдеге ие болды

Фото: ҚазАқпарат

Әлемнің 20 елінен жиналған 40 ару 2017 жылы Мәскеуде, Түркия, Франция елінде өткен іріктеу кезеңінен үздік шыққандар. Ақтық кезеңге жолдама алғандар 2 күн бойы түрлі аталымдар бойынша өнер көрсетті.

Айта кетер жайт, Семей қаласы атынан барған модельдік агенттіктің 4 аруы қатарынан бас жүлдеге ие болды.

17 жасар Данара Бекмұрзаева «Yong Miss Beauty», 9 жастағы Балжан Бейбітқызы «Mini Miss World Beauty», 14 жастағы Нұрдана Тоқанова «Yong Miss World Beauty» аталымы бойынша бас жүлде алды.

Ал «Grand Prix Missis Universe Beauty» титулы 48 жастағы Дана Мұхамеджановаға бұйырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
14
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel