RU
Павлодарда өрттен аман қалған Құран кітабын көргендер таңғалысын жасырмады
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда өрттен аман қалған Құран кітабын көргендер таңғалысын жасырмады

Рассказать Вконтакте

Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде Сайділда қажы (Шайдолла) Түйтібекұлының жеке заттары көрсетілді деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда өрттен аман қалған айрықша Құран кітабын көрген жұрт таңғалысын жасырмады

Фото: pavlodarnews.kz

Жұртшылық назарына тұңғыш рет Ертіс өңірінің сакралды географиясы картасына зираты енгізілген Качир ауданының тумасы Сайділда қажы (Шайдолла) Түйтібекұлының жеке заттары көрсетілді. Оның ішінде қолжазбалар, Құран кітабы мен тақиясы бар. Әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ербол Қайыров жеті жылдан бері ел аралап, Сайділда қажының өмірін зерттеумен айналысуды қолға алған.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, Омбы мұражайлары және Уфа қаласындағы Ғалия медресесімен хат алмасудамыз. Бүгінде ол кісінің 16 беттен тұратын шағатай тіліндегі қолжазбасы табылып отыр. Өкінішке орай, елімізде шағатай тілінде оқитын адамдар жоқ. Сондықтан Ғылым министрлігінің шығыстану институтына жіберіліп, төрт беті ғана оқылған", - дейді дейді бөлім меңгерушісі.

Ербол Қайыровтың айтуынша, бүгінгі көрмеге Шайдолла Түйтібекұлының Әбілқасан Жеңіс деген азамат сақтап келген Құран кітабы қойылған.

Ел аузынан тараған деректер бойынша, кезінде мешіт пен медресе салған кезде шыққан өрттен Құран кітабы аман қалған. Өзі тұрғызған медреседе Новосібір және Омбы аймақтарынан, Ертістің арғы-бергі жағынан келген балалар білім алған. Өкінішке орай, Кеңес үкіметі орнаған кезде мешіт пен медресе бұзылған. Мешіттің едені мен басқа да материалдарынан көрші орыс ауылдарында мектеп салған. Алайда сол мектеп көпке ұзамай отқа оранған. Ел арасында қалған аңыздарға сүйенсек, көне шағатай тілінде жазылған қолжазбалардың көбі өзімен бірге жерленген, бірқатары жиендерінде сақталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
2
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel