RU
Жұмбақ өлім: Қостанайда өзіне өзі қол салды деген азаматтың туыстары жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Жұмбақ өлім: Қостанайда өзіне өзі қол салды деген азаматтың туыстары жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Арқалық қаласында бір азаматтың өліміне қатысты дау туындап отыр. Полицейлер ер адам өз-өзіне қол салғанын айтқанымен, марқұмның туыстары оның біреудің қолынан қаза тапқанына сенімді деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жұмбақ өлім: Қостанайда өзіне өзі қол салды деген азаматтың туыстары жанайқайын жеткізді

Жұмбақ өлім: Қостанайда өзіне өзі қол салды деген азаматтың туыстары жанайқайын жеткізді

Марқұмның туыстарының айтуынша, оның денесінде бірнеше рет үшкір затпен жарақат салыныпты. Әділдік іздеген бауыры тіпті жерленген мәйітті қайта қаздырып, қосымша сараптама жасатуға дейін барған.

«Ағаңыз асылып қалды» деген суық хабар Қайыржанды есеңгіретіп тастаған. Арқалыққа, бауыры қайтыс болған үйге жеткенше неліктен мұндай қадамға барғанын түсіне алмапты. Көңілін күпті еткен күдігін ағасының көршісі үдете түскен.

"Үлкен кісі екен бұрын органда істеген. Ол кісі айтты: «Клянусь богом, я ремень или веревку не видел», - деді орысша. Осылай айтты көрген жоқпын деп. Сосын күмәнданып кеттім", - дейді марқұм Б.Төлегеновтің інісі Қайыржан Төлегенов.

Қайыржан туған жеріне апарып, жаназа алдында жуындырған кезде ағасының денесіндегі жарақаттарды көріп те шошып кеткен. Бірден жергілікті полицияның жедел тобын шақыртып, жарақат орындарын қайта тексертіпті.

"Мойын жарақатын 0,3 мм деген. Ол деген жай сақал қырып жатқанда сызып кететін сызатты айтады. Ағамды кейін 40 күн өткеннен кейін эксгумацияға қатысып, мәйітханада сойған кезде өзім қатыстым. Мынау - 1 жарым сантиметрлік тереңдік болды. Ол деген адам өміріне қауіпті. 1 жарым сантиметр тереңдік деген масқара ғой", - дейді ол.

Облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері болса, бұл іс бойынша қылмыстық құрам болмағандықтан қылмыстық іс қысқартылды деп отыр. Өйткені, эксгумациядан кейінгі сот сараптамасы да «суицид» деген болжамды растаған.

"Өз-өзіне қол жұмсау болып табылды. Себебі, зорлап өлтіру немесе өзін-өзі өлтіруге мәжбүрлеу белгілерінің дәлелі табылмады. Төлегеновтың дене жарақаттары өз қолымен жасауына толық мүмкіндігі бар", - дейді Қостанай облыстық ІІД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Қанағат Шәуенов.

Алайда, Қайыржан Төлегенов бұл қорытындыға сенбейді. Ағасының жоғын жоқтаған Қайыржан қалай болса да соңына дейін ізденемін деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір