RU
Марапатына қуанып кеткен бизнесменнің сахнада жүрегі тоқтап қалды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Марапатына қуанып кеткен бизнесменнің сахнада жүрегі тоқтап қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Үндістандық кәсіпкер Вишну Пандей бизнесмендерге берілетін жүлделі кеште бір номинацияны жеңіп алды. Жүргізушілер оның есімін атаған кезде қуанып кеткені соншалық, кәсіпкер сахнаға билеп шыққан деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Видеода Пандейдің марапатын табыстамай тұрып, шыр айнала билегенін байқауға болады. Алайда, оған аталмыш марапатты қолына алу бұйырмаған екен. Сахнада қуанышы қойнына сыймай тұрған азаматтың кенеттен жүрегі тоқтап қалды.

Қайғылы оқиға Уттар-Прадеш штатында болған. Жүргізушілер құлап қалған кәсіпкерге көмек көрсетуге тырысқанымен, ол есін жимады. Содан кейін дәрігерлер келіп, оның қайтыс болғанын хабарлайды.

Ақ халаттылардың айтуынша, Пандейдің жүрек талмасы ұстап қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
12
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel