RU
Қытайлықтар күйеу жігітті тепкіге алып, жарасына тұз сеуіп тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қытайлықтар күйеу жігітті тепкіге алып, жарасына тұз сеуіп тастады

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Шаоян қаласында той алдында өткізілген салт-дәстүр желі қолданушыларын шошытты деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru
Source: UGC

Желіде таралаған кадрларда тұрғындардың жігіттің жарасына тұз сеуіп жатқаны байқалады. Болған жайтқа қатысты қалыңдық пен күйеу жігіт пікір білдіруден бас тартқан.

Ал жергілікті полицияның мәліметінше, зардап шеккен адамның ешқандай арыз-шағымы жоқ. Себебі, ол бұл дәстүрге ерікті түрде қатысқан.

Соққыға жығылған ер адам дәрігерлерді көмегіне жүгінгенімен, ертесіне өз тойында ештеңе болмағандай көңіл көтеріп жүрген.

Ал желі қолданушыларын дүрліктіріп жүрген бұл дәстүр той алдында күйеужігіт үшін жасалатыны белгілі болды.

"Бұл күйеужігітке неке деген оңай дүние емес екенін, сондықтан отбасылы болған соң шаңырақтың шайқалмауын қадағалау оның басты міндеті екенін есіне салатын жергілікті дәстүр", - дейді тұрғындардың бірі.

Сіздің реакцияңыз
2
1
5
1
1
6
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel