RU
Анасы туа бітті сал ауруына шалдыққан қазақ жігітінің тағдыры елді жылатты (фото, видео)
Жаңалықтар Қоғам

Анасы туа бітті сал ауруына шалдыққан қазақ жігітінің тағдыры елді жылатты (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Мақсат Айманов есімді 25 жастағы жас жігіт бүгінгі күні желі қолданушылары арасында аса танымал. Кішкентайынан сал ауруымен ауыратын анасын жалғыз өзі бағып, бес жыл бойы үйден шықпай, анасының дертімен күресіп жүрген қазақ жігітінің тағдыры көпшілікті алаңдатады. Анасының жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтып, желіде елге жан сырын ақтарған жігіттің қиындыққа толы өмірі елді жылатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Максат айманов

Фото: www.instagram.com/maxaimanov

Туғанынан сал ауруымен ауыратын Айсара бүгінде 58 жаста. 25 жыл бұрын ол бүкіл өмірін өзгертіп жіберген шешім қабылдап, өзінің дертіне қарамастан, өмірге сәби әкелуге бел буған. Бүкіл дәрігерлер оның босануына қарсы шыққанымен, Алланың қалауымен ол өмірге ұл баланы дүниеге әкеліпті. Бүгінде оның ұлы Мақсат өміріне арқау болар жігіт болып ер жеткен.

"Бұл - менің туған анам. Оның есімі Айсара. Кішкентайынан церебралды сал ауруымен ауыратын жарымжан. Ол өте ақылды, мықты әйел. Оны шексіз құрмет тұтып, үлгі етемін. Менің махаббатым", - деп жазады ол өзінің желідегі парақшасына.

Мақсаттың айтуынша, оның анасы ешкімнің сөзіне қарамастан, өзін өмірге әкелгені шексіз бақыт екеніне сенімді. Бес жыл бойы төсек тартып қалған анасының жанынан бір елі кетпей, күндіз-түні оның жағдайын бақылап отыратын жастайынан осындай өмірге дағдыланғанын жеткізді.

Максат айманов

Фото: www.instagram.com/maxaimanov

"Бала туу - кез келген әйелдің арманы. Бірақ дәрігерлер, оны білетіндер оның ешқашан бала туа алмайтынына сенімді болған. Сондықтан ол бастапқыда бала асырап алмақшы болған екен. Бірақ өзі әзер жүріп-тұратын әйелге ешкім бала асырап алу құқығын бермейтіні белгілі ғой. Сондықтан ол осы шешімге келген", - деп түсіндіреді Мақсат.

Айтуынша, анасын босандырып алуға ешқандай дәрігердің жүрегі дауаламаған.

Максат айманов

Фото: www.instagram.com/maxaimanov

"Оны "Бала мен ана денсаулығын қорғау институтының" мамандары босандырып алыпты. Кесарь тілігінен соң көзін ашқан анам бір ғажайыптың болғанын түсінеді. 1993 жылдың 3 маусымында мен өмірге келдім. 34 жасында анамның өмірінің мәні пайда болды. Сондықтан менің есімімді Мақсат деп қойған", - дейді ол.

Максат айманов

Фото: www.instagram.com/maxaimanov

Бір қызығы, тек қана жәрдемақыға өмір сүретін мүгедек ана жалғыз өзі үй салып, баласы үшін жанталаса күреседі. Оған тәрбие беріп, қолынан келгенінше жақсылыққа үйреткен. Мақсат алты жасынан бастап кір жуып, үйді жинап, анасына қолғабыс болғанын есіне алады.

"Анам бұл үйді мен үшін салды. Кейіннен сол үйдің жанына тағы бір кішкене үй салды. Маған үйленсең мен осы кішкентай үйге көшемін дейтін. Анашым-ау, сен маған осындай керемет үй салып беруге күшің жеткенде, менің саған алтыннан үй салып беруге күшім жетпей ме? Сенімен салыстырғанда менің аяқ-қолым сау ғой", - дейді ол.
Максат айманов

Фото: www.instagram.com/maxaimanov

Мақсат кішкентай кезінен анасына қалай қарағанын есіне алады.

"Соңғы бес жылда мен анама қарап, үйден шықпадым. Төсек тартып қалған анамды сағат сайын бір бүйірінен екінші бүйіріне ауыстырып, қарап отыруға тура келеді. Оған массаж жасап, әзілдеп, әңгіме айтуға тырысамын. Қатты шаршаймын, мойындаймын, оңай емес. Бірақ анашыма менен де қиын ғой", - дейді Мақсат.
Максат айманов

Фото: www.instagram.com/maxaimanov

Қазіргі таңда Мақсаттың анасы тағы да ауырып, Қалқамандағы ауруханада жатыр. Соңғы үш айда оның денсаулығы сыр беріп, нашарлай түскен.

"Осы уақыт бойы мен анама бас-көз болып қана қойған жоқпын. Осындай қиын жағдайдан, мына тығырықтан қалай шығарымды білмей дал болдым. Өмір бойы шешім іздеп келемін. Бірақ мен мынаны түсіндім: жалғыз өзім енді шыдай алар емеспін, менің күшім жетпейді. Маған көмек керек", - деп алғаш рет өмірінде көмек сұрауға мәжбүр болған.

Мақсат Айманов пен оның анасына көмек қолын созғысы келетін жандар мына есепшотқа ақша аударуына болады:

Qiwi-әмиян мен WhatsApp: +77059601970

Kaspi Gold: 5169 4931 5175 2816/ Maxat Aiman

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
2
1
2
50
3
25
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір