Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткен қозысын жемек болған жолбарыспен айқасып, жеңіп шықты

Опубликовано:

Үндістанның Махараштра штатында 22 жастағы Рупали Мешрам қозысын жеп қоймақ болмаған жолбарысқа шабуыл жасап, жұртты таңғалдырды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Life.ru
Фото: Life.ru: UGC

Бойжеткен далада жайылып жүрген қозысының дауысын естіп, үйден жүгіріп шығады. Онда малды жемек болған жолбарысты көре сала, қолына таяқ алып, жыртқышқа қарсы шабуылдаған.

Азулы аң қозыны тастай сала бойжеткенді таламақ болыпты. Абырой болғанда, оның жануарға жем бола жаздаған сәтін анасы көріп қалып, Рупалиге көмекке келеді.

"Қызым өліп қалатын шығар деп ойладым", - дейді анасы.

Осыдан кейін қызы мен анасы жыртқышқа жабылып жүріп, үйге қашып, әзер құтылған. Олар бірнеше жарақат алып, денелері қансырағанымен, қазір барлығы қайта қалпына келіпті. Жолбарыс ақыры қозыны жеп қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1725007-bojzetken-kozysyn-zemek-bolgan-zolbaryspen-ajkasyp-zeip-sykty/

pixel