Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкесінің асын жоғары деңгейде өткізу үшін қызылордалық жігіт миллион теңге несие алған

Опубликовано:

Өткен жылы Қызылордада Әсет есімді жігіттің әкесі қайтыс болған. Ажал аяқ астынан келгеннен кейін мұндай қайғы отбасына ауыр соққы болып тиді. Себебі, ер адам үйдің басты асыраушысы болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: mfa.gov.kz
Фото: mfa.gov.kz: UGC

Әкесінің қазасынан кейін жас жігітке академиялық демалыс алып, отбасын асырауына тура келген.

"Әкемнің жерлеуіне туыстарым көмектесті. Қырықын да өткіздік. Алайда үлкендердің кеңесімен жүзін өткізбеуді жөн көрдік", - деген жігіт бүгінде құрылыста жұмыс істеп жүр.

Әсеттің айлығы отбасын асырауға толық жеткенімен, оған әкесінің асын өткізу үшін несие алуға тура келген.

"Анам екеуміз әкеміздің жылын беру үшін қымбат емес, алайда, ұятқа қалмайтын жер іздедік. Себебі біздің қазақтарда өлген кісінің жылына көп адам келеді. Олардың барлығын үйде қабылдау мүмкін емес. Алайда, ойға қонымды баға таба алмадық. Несие алуға тура келді. Біз алған ақшаның барлығын дастарханға жұмсадық. Сиыр сатып алып, үлкен ас бердік", - дейді жас жігіт.

Айта кетейік, Әсетке алған несиесін төлеу үшін бес жыл уақыт керек. Дегенмен, бұл жас жігітті алаңдатып отырмаған секілді. Себебі бастысы әкесінің жылы жоғары деңгейде өткені.

"Кейде мені біздің менталитет таңғалдырады. Егер мен әкемнің асын жоғары деңгейде өткізбесем көбісі мені әкесін жақсы көрмеген деп ойлап қалатын еді. Өкінішке қарай, көп адамдар әлі күнге дейін махаббатты ақшамен өлшейді", - дейді жас жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1725010-kesini-asyn-zogary-degejde-tkizu-sin-kyzylordalyk-zigit-million-tege-nesie-algan/

pixel