Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқатолқынды пештер денсаулыққа қаншалықты қауіпті?

Опубликовано:

Тұрмыстық өмірде үлкен сұранысқа ие қысқатолқынды пештердің әсері жайлы қоғамда түрлі пікірлер қалыптасып кеткен. Бірі оның зиянынан гөрі пайдасы көп екенін айтса, басқалары пешті қолдану адам өміріне аса қауіпті деген тұжырымды ұстанады. Бұл тұрғыда әлемнің үздік ғалымдары тұрмыстық техниканың жақсы мен жаман тұстарын зерттеу нәтижесінде анықтаған деп хабарлайды spb.kp.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: spb.kp.ru
Фото: spb.kp.ru: UGC

Әлемдік денсаулық сақтау бірлестігінің мәлімдеуінше, қысқатолқынды пештер дұрыс қолданылған жағдайда адам өміріне қауіпсіз. Оған көз жеткізіп көрмек болған ғалымдар қысқатолқынды пештерге қатысты зерттеу жұмыстарын бастаса керек. Оның нәтижесінде көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарына мынадай нақты жауаптар алынды:

1. Қысқа толқындар тамақтағы нәрлі заттарды жойып тастайды. Бұл тұжырым 100% шындыққа жанасады. Жылу мен өңдеуге ұшыраған тамақ міндетті түрде құрамындағы нәрлі заттардан белгілі мөлшерде айырылып қалады. Ол қысқатолқынды пеште жылыту, қазанда қуыру немесе суға пісіру болсын. Сол себепті тамақ құрамындағы нәрлі заттардың азаюына тек қана бір қысқатолқынды пештерді кінәлауға болмайды.

2. Қысқатолқындар онкологиялық аурулардың пайда болуына себепші болмайды. Америкалық онкология қауымдастығының зерттеулеріне сәйкес, радиациялық көрсеткіштің көш басында рентген сәулелері тұрса, оның ең соңында қысқа толқындар орналасқан. Бұл дегеніміз қысқа толқындардың анағұрлым зиянсыз екенін растаса керек.

«Қысқатолқынды пештер рентген сәулелерін шығармайды, сол себепті ол тамақты радиацияға айналдырады деген қате пікір», - дейді мамандар.

3. Қысқатолқынды пештерде тамақты пластмассалық ыдыста жылыту зиянды болуы әбден мүмкін. Оған 2011 жылы Гарвардтық медицина мектебі жүргізген зерттеу нәтижесінде көз жеткізілген. Оның барысында тексерістен өткен пластмассалық ыдыстардың өзіндік зиянкес химикаттарды өңдеп шығаратыны анықталды. Жоғары температурада жылытылған тамақ құрамына оның ыдысының химикаттары да оңай араласып кетуі мүмкін. Сол себепті, ғалымдар пластмассалық ыдыспен жылытпауға кеңес береді.

4. Қысқатолқынды пештерде кез келген нәрсені жылыта беруге болмайды. Өздерінің жылыту ерекшелігіне байланысты кейбір заттар пешті жарып жіберуге дейін де апаруы мүмкін.

Зерттеу нәтижесінде, қысқатолқынды пештер жылына бөліп шығаратын 7,7 миллион көміртек диоксидін дәл сол аралықта 6,8 миллион автокөлік шығаратыны дәлелденді. Демек, қысқатолқынды пештер қоршаған ортаға автомобильдер іспеттес зиян әкеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1725018-kyskatolkyndy-pester-densaulykka-kansalykty-kauipti/

pixel