RU
Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балақай ауыр дертке шалдықты
Жаңалықтар Қоғам

Ермек Тұрсыновтың фильмінде басты рөлді сомдаған балақай ауыр дертке шалдықты

Рассказать Вконтакте

Алматылық 10 жастағы балаға шұғыл түрде көмек керек. Ауыр сырқатқа шалдыққан Айбек есімді жасөспірімнің өкпесіне су толған деп хабарлайды Алматы арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр Алматы арнасынан алынды

Кадр Алматы арнасынан алынды

Ата-ана баланың осы жылдың ақпан айында ауырып, ауыр хәлде ауруханаға түскенін айтады. Тек ол кезде отандық дәрігерлер диагнозды дұрыс қоймағандықтан, тиісті ем жүргізілмей келді, дейді анасы.

Үміттері үзілмеген ата-ана бар жиған-тергенін алып, ұлын дереу Оңтүстік Кореяға емдеуге әкетті. Екі апта бойы олар анализ тапсырудың өзіне 10 мың АҚШ доллары жұмсалғанын айтады. Енді ауруды анықтап, тиісті ем жүргізу үшін ата-анаға қомақты қаржы керек. Амалы таусылған анасы халыққа үндеу жариялап, БАҚ арқылы жұртшылықтан көмек сұрауға мәжбүр.

"Құрметті халқым! Мен мамасы Оңалбаева Венера, ұлымыз Жебеген Айбектің еміне көмек сұраймын. Зерттеу құны бір бөлек, диагноз қойылған соң емдеу құны бір бөлек. Осымен, ары қарай зерттеу және диагнозын қойып, емін бастау үшін халықтан қаржылай көмек сұрап жатырмыз. Баршаңызға алдын ала алғысымды білдіремін! Сіздерден қаржылай көмек сұраймын", - дейді ата-ана.

Өмірге құштар Айбек Жебеген отандық режиссер Ермек Тұрсыновтың "Кенже" фильмінде басты рөлді сомдаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
28
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel