RU
Даусынан айырылған миллиардер жұмысшыларына ұрысудың айласын тапты
Жаңалықтар Әлемде

Даусынан айырылған миллиардер жұмысшыларына ұрысудың айласын тапты

Рассказать Вконтакте

94 жастағы Самнер Редстоун ауыр дерт кесірінен сөйлеу қабілетінен айырылып қалған. Үнемі ашулы болып жүретін миллиардер жұмысшыларына ұрысудың жаңа амалын ойлап тапты. Ол енді қол қарамағындағыларға өз наразылығын iPad арқылы жеткізетін болған деп хабарлайды lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Viacom конгломератының басшысы жұмысшыларына iPad қосымшасы арқылы өз айқайын жеткізіп тұрса керек. Оның гаджетіндегі жылдам теру функциясында «Ия», «Жоқ» және «Жоғал» деген сияқты сөз тізбектері арнайы орнатылған.

Қазіргі таңда медиамагнат компаниясының CBS корпорациясымен қосылу мәселесі қарастырылып жатыр. Оны талқылау барысында Редстоун электронды көмекшісін қолданды ма, жоқ па белгісіз.

Айта кетейік, Самнер Редстоунға тиесілі Viacom құрамына MTV Networks-тің кабельді және спутниктік телевизиясы кіреді. Кәсіпкердің жеке үлесіндегі байлығы 5,1 миллиард долларды құрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel